Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

Жастар практикасы - кәсібі бойынша бастапқы тәжірибе алу үшін жұмыс

⚡️Жастар практикасы - оқуды 5 жылдан артық емес уақыт бұрын бітірген және алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, колледждер мен жоғары оқу орындарының 35 жастан аспаған түлектеріне арналған, кәсібі бойынша бастапқы тәжірибе алу үшін жұмыс

• жұмыс ұзақтығы 12 айдан аспайды, жалақы 30 АЕК-тен кем емес

⚡️Ұрпақтар келісімшарты 3 жыл ішінде оқуын аяқтаған және 35 жастан аспаған оқу орындарының түлектері үшін жұмыс орны, ол зейнетақы алдындағы жастағы жұмыс істейтін қызметкерлерден жинақталған тәжірибені беру үшін құрылады. Жұмысқа қойылатын талаптарды жұмыс беруші белгілейді

• жұмыс ұзақтығы 6 айдан аспайды, жалақыны мемлекет 30 АЕК мөлшерінде төлейді

• жобаға қатысу аяқталғаннан кейін жұмыссызға тұрақты жұмыс орны беріледі не ол зейнеткерлік жасқа толған қызметкерді алмастырады. Жалақы мөлшерін жұмыс беруші айқындайды

⚡️Алғашқы жұмыс орны - алғашқы жұмыс орнында тәжірибе алу үшін кәсіби білімі жоқ 35 жастан аспаған жастарға арналған жұмыс

• жұмыс ұзақтығы 18 айдан аспайды, жалақыны мемлекет 30 АЕК мөлшерінде төлейді

• жобаға қатысу аяқталғаннан кейін жұмыссызға кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмыс орны беріледі, жалақы мөлшерін жұмыс беруші айқындайды