Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

КЖПК студенттері "Astana Mining&Metallurgy – 2025" халықаралық конгресі аясында өткен Бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

📅 2025 жылғы 5 маусымда Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің "Бағдарламалық қамтамасыз ету" және "Жылу электр станцияларының жылуэнергетикалық қондырғылары" мамандықтары бойынша білім алатын 4 курс студенттері Астана қаласында өткен "Astana Mining&Metallurgy" атты 15-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясындағы Бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.

🎓 Бұл — түлектер үшін маңызды кезең: екі аптадан кейін олар дипломдарын алып, еңбек жолын бастайды. Студенттер жәрмеңкеге жұмыс табу, жұмыс берушілермен танысу және еңбек нарығындағы талаптармен танысу мақсатында барды.

🚌 Іссапарды ұйымдастырған – Қазақстандық көрме ұйымдастыру компаниясы Iteca. Колледж атынан компанияға осындай маңызды кәсіби шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз.

🎯 Жәрмеңкеге қатысу студенттерге тау-кен металлургия және энергетика салаларындағы мансаптық мүмкіндіктерді бағалауға, өз болашағына сенімді қадам жасауға зор мүмкіндік берді.