Батылдық пен бірлік алаңы: Қарағандыда құтқарушы көпсайыс қызып жатыр
4-7 маусым аралығында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде колледж студенттері арасында құтқарушы көпсайыс бойынша «Аман қалу жолы» атты өңіраралық ашық жарыс өтуде!
05.06.2025 күні ашылу салтанаты өтті. Құрметті қонақтар қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді. Сахна төрінде патриоттық рухты оятатын сөздер мен студенттердің әсерлі флешмобы шараның маңызын арттырды.
Жарысқа студенттер арасында:
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттер командасы, Петропавл қаласы;
2. «Астана профи» қалалық шаруашылық колледжі» мекемесінің студенттер командасы;
3. Шахтинск технологиялық колледжі студенттер командасы, Қарағанды облысы;
4. Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттер командасы, Қарағанды облысы.
Мамандар арасында:
1. ҚР ТЖМ Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қарағанды қаласындағы құтқару бөлімшесі;
2. ҚР ТЖМ Мартбек Мамыраев атындағы 52859 әскери бөлімі;
3. ҚР ТЖМ Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Теміртау қаласындағы құтқару бөлімшесі;
4. ҚР ТЖМ Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Топар кентіндегі құтқару бөлімшесі.
Олар қиын сәттерде батыл шешім қабылдап, бір-біріне қолдау көрсетіп, шынайы командалық рухтың үлгісін танытты.
💪 Бұл жарыс тек бәсеке емес — ол ерлікке, ұйымшылдыққа және отаншылдыққа жол ашатын маңызды алаң!